Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Жедел-іздестіру басқармасының аға офицерінің алаяқтық әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап.

Биыл 24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Жедел-іздестіру басқармасының аға офицерінің алаяқтық әрекетін анықтады.
"Офицер оның өндірісінде бюджет қаражатының жымқырылуы жайлы қылмыстық істі тоқтатуды сылтауратып, ЖШС бас есепшісінен 1,5 миллион теңге ақша алған", - деп хабарлады Нұрлан Жахин.
Ол кінәсін мойындады.
Еске сала кетейік, мұның алдында Астана қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.