18 ақпан 2022 | 10:09

"Еттартқыш пен үтік қана алдым" - қаңтарда қамауға алынған жігіт

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде дүкендерді тонауға қатысқан 16 адам уақытша босатылды. Өйткені күдіктілер жасаған ісіне өкініп, кінәсін мойындаған. Сәйкесінше, оларға бұлтартпау шарасы қолданылып отыр. Бүгінде тек Жетісу аудандық полиция басқармасында тәртіпсіздік дерегі бойынша 258 іс тіркелген. Прокурорлар шығын көлемі 600 миллион теңгеден асатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

Үйлеріне жіберілгендердің бірі - тонау жасады деген күдікке ілінген Ерлан Кәрібаев. Ер адам заңды бұзуға не түрткі болғанын түсіндіре алмайды. Ол ұжымнан қалғым келмеген шығар дейді.

"Халық митингіге жиналды. Мен де жиналғандарға қосылдым. Жол-жөнекей бәрі жапа-тармағай дүкендерді тонап, қолына ілінгенін алып жатты. Алсам, өзіме үтік пен еттартқыш алайын деп шештім. Бұны не үшін істегенімді өзім де білмеймін. Ұрлағанымды мойындаймын", – дейді күдікті Ерлан Кәрібаев.

Күдіктілердің уақытша босап шыққанына туыстары қуанышты. 21 жастағы ұлын қолдауға келген анасы перзентінің бұл әрекетіне іштей налитынын, болашағы үшін уайымдайтынын жеткізді.

"Қандай шоколад ұрлағанын білмеймін. Әйтеуір бірыңғай шоколад алған ғой. Тура 1 ай 4 күн болды ғой. Уайымдадық... Не ұйқы жоқ, не күлкі жоқ, құрсын. Әйтеуір аман-есен шықты ғой баламыз, шүкір. Әскери салада қал деп айтар едім. Өзінің арманы сол болатын. Өз еркімен қаламын деп кеткен еді. Енді келіп, мынандай жағдайға ұрынып қалды", - дейді күдіктінің анасы Райхан Қасымова.  

Күдіктілермен кездескен прокурор оларға шетелге шықпау туралы қолхатпен босатылғандардың тәртіп ережелерін түсіндірді.

"Күдіктілер тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен шықпауға, істі тергеуге немесе сотта қарауға кедергі жасамауға, органның шақыруы бойынша белгіленген уақытта келуге міндетті", - деді Жетісу ауданы прокурорының орынбасары Ерлан Мырзабек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети