Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында болған өрт: Күдікті қамауға алынды

25 Қыркүйек 2017, 14:07
0
Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында болған өрт: Күдікті қамауға алынды -

Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында шыққан өрт туралы істегі күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенгені жайлы хабарланған болатын. Бұл оқиға көктемде болған. Шығын сомасы хабарланбай отыр. Осыған дейін осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқаны айтылған еді.

"2017 жылдың 3 маусымында Астананың Есіл аудандық № 2 соты күдікті М.С.Мұқановтың бұлтартпау шарасына қатысты өтінішті қарады. Соттың үкімімен күдікті М.С.Мұқановқа бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылданды", - делінген Астана қалалық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестірушінің міндетін атқарушы Мәдениет Омарбекованың Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Соттың мәліметінше, биыл 26 шілдеде күдіктінің қамау мерзімі 1 қыркүйекке дейін, ал кейіннен 30 қыркүйекке дейін ұзартылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай