Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенген

20 Қыркүйек 2017, 17:04
0
Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенген -

Астанадағы Еуразиялық банктің филиалы орналасқан ғимаратта ақша санау бөлмесінде өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төтенше оқиға 30 мамырда кешкі 20.00 шамасында болған, алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды. Шығын сомасы хабарланбай отыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

"Астанада 30 мамырда "Еуразиялық банк" АҚ филиалының ғимаратында түтіндеу шығып, ол шұғыл түрде сөндірілген. Оқиға кеңсенің операциялық жұмысына әсер етпеді. Банк жұмысы әдіттегі тәртіппен жүргізілген және жүріп жатыр. Бұл кезеңде сотқа дейінгі тексеріс жайлы тергеу мүддесіне байланысты, өкінішке қарай, толық ақпарат бере алмаймыз", - деп хабарланды Еуразиялық банктің редакция сауалхатына берген жауабында. 

Ал Астана қалалық ТЖД өкілдері Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында 101 пультіне Еуразиялық банктегі қойманың өртенгені туралы хабардың 30 мамырда кешкі сегізде түскенін хабарлады.  

"Шақырту орнына сағат 20.15-те келген уақытта "Еуразиялық банк" АҚ ғимаратындағы №111 ақша санау бөлмесінде жалпы ауданы 10 шаршы метр болатын жиһаз, техника және ақшалай қаражат жанып жатқан. Оқиға орнына жеті дана техника мен жеке құрамның 33 адам жөнелтілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенше өрт ауыздықталып, сөндірілген. Оқиға орнына барлық құзырлы қызмет барды, оның ішінде Астана қалалық ІІД жедел тергеу тобы да бар", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері. 

Астана қалалық ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта қалалық ІІД-нің Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шығын сомасы анықталып жатыр, сараптама жүріп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай