ЕҰУ ректоры ұсталған әкімнің өз бауыры екенін растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕҰУ ректоры ұсталған әкімнің өз бауыры екенін растады

Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының парамен ұсталған әкімі Нұрлан Сыдықовтың өз бауыры екенін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол - менің туған бауырым, 61-де. Ол - техника ғылымдарының кандидаты, оның зерттеулері Болгарияда қолданылады. Өндіріссте тәжірибесі мол, кенші, көптеген зауытта кризис-менеджер болып жұмыс істеген. Соңғы бес жылда қалыс қалып отырған ауданға басшы болу ұсынылған. Бір ауданды аяққа тік тұрғызғаннан кейін ШҚО-дағы басқа бір күрделірек ауданға жіберді. Ұмытпасам, мемлекеттік құрылымда жұмыс істеуге, әсіресе әкім болуға деген аса ынтасы жоқ еді, бірақ оны шақырды", - деп пікір білдірді Сыдықов.

Бұл туралы ол Сенатта кәсіптік білім беру мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелден кейін тілшілердің сауалына берген жауабында айтты.

Фото: knb.gov.kz

9 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері Л. деген кәсіпкерден жер телімін жалға алу құқықтарын қайта тіркеу мәселесін оң шешіп беру үшін 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ШҚО Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовты ұстаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети