EXPO ісі бойынша Талғат Ермегияевтің сенімді өкілі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO ісі бойынша Талғат Ермегияевтің сенімді өкілі ұсталды © Тұрар Қазанғапов

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы EXPO-2017 көрмесіне арналған бюджет қаражатын жымқыруға астыртын көмектесті деген күдікпен іздеу жарияланған Саят Нәдірбаевты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық бюроның мәліметінше, ер адам "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен ұсталған.

Ұлттық бюро хабарламасында Саят Нәдірбаевтың "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің сенімді өкілі болғаны айтылады. "Ол EXPО-2017 көрмесіне бөлінген қаражаттан ұрланған ақшаны Талғат Ермегияевке жеткізіп беріп отырған", - делінген хабарламада. Нәдірбаевқа 2015 жылдың тамыз айында іздеу жарияланған болатын.

Сонымен қатар, Антикоррупциялық қызмет өкілдері іздеу жарияланған адамның із жасыруына көмектескендерді де анықтады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір Саят Нәдірбаев Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети