03 маусым 2016 | 11:43

EXPO ісі: Қажымұрат Үсенов сотта соңғы сөзін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қажымұрат Үсенов. © Тұрар Қазанғапов Қажымұрат Үсенов. © Тұрар Қазанғапов

Қажымұрат Үсенов сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 12 сотталушыға келісім бойынша өндірісте айыпты мойындау туралы келісім түрінде процессуалдық келісім қаралып жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қажымұрат Үсенов сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордада "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша 12 сотталушыға келісім бойынша өндірісте айыпты мойындау туралы келісім түрінде процессуалдық келісім қаралып жатыр.

Осыған дейін 11 сотталушының адвокаттары кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келу жайлы өтініш беріп, арнайы өндіріс берілген еді. Сонымен қатар, сотталушылар ұлттық компаниясына келген шығынды өтеді. Істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас қарап жатыр. Бүгін барлық сотталушы соңғы сөз айтты.

"Кінәмді мойындаймын, өкінемін. Шығынды толықтай өндірдім. Жасымды есепке алуыңызды сұраймын, көп жыл жұмыс істедім, оны өз Отаныма, Қазақстанға арнадым. Жұмысымның тәжірибесі көрсетті және сондықтан мақтау қағаздарымен, ордендермен, медальдермен марапатталдым. Әрдайым адал жұмыс істедім. Денсаулық жағдайымды да есепке алуыңызды сұраймын. Жұмыс істеп жатқан жастарды да оқытқым келген еді. Сондықтан да "ЭКСПО" компаниясына келдім - тәрбиелеу үшін, оқыту үшін, тәжірибемді көрсету үшін. Есепке алуыңызды сұраймын", - деді Қажымұрат Үсенов соңғы сөзінде. Осыған дейін прокурорлар Үсеновке мүлкін тәркілеу, өмір бойына белгілі бір қызметтерде болу құқығынан айыру және белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салу арқылы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған еді. 

Судья сотталушылардың соңғы сөзін естігеннен кейін үкім шығару үшін кеңес бөлмесіне кіріп кетті. 

Прокурормен келісімге келу туралы өтініш бергендер: Серік Найзабеков, Сергей Ильин, Нұрлан Ақпамбетов, Қажымұрат Үсенов, Самат Сардарбеков, Алпысбек Тілекмектов, Марс Шорманов, Ренат Ақылбаев, Ерлан Тілеуов, Сейіт Сейітов және Талғат Сағындықов.

Айта кетейік, қалған 11 фигуранттың ісін басқа судья қарап жатыр. Бұл сотталушылар өздерінің кінәлі емес екенін айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети