12 тамыз 2021 | 12:36

Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер қандай іс бойынша күдікке ілінгені анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анатолий Балушкин. Фото: facebook.com/bipek.kz Анатолий Балушкин. Фото: facebook.com/bipek.kz

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Forbes нұсқасы бойынша 50 кәсіпкер тізіміне енген "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Forbes нұсқасы бойынша 50 кәсіпкер тізіміне енген "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті "Азия-Авто" компаниялар тобының негізін қалаушы Анатолий Балушкинге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген хабарламада.

Онда сот сырттай бұлтартпау шарасына санкция бергені, кәсіпкерге іздеу жарияланғаны айтылады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Forbes бойынша ең бай 50 кәсіпкер тізіміне енген қазақстандық Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.

Бизнесменді іздеу туралы хабарландыру бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сайтында "қылмыскерлерді іздеу" бөлімінде пайда болды. Іздеу себептері туралы мәлімет жоқ, алайда сайт мәліметі бойынша Балушкин тергеуден қашып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети