Баянаул ұлттық саябағы 24KZ телеарнасынан алынды
Із-түссіз жоғалған ұлттық саябақтың ғылыми қызметкерінің мәйіті Павлодар облысынан табылды деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі, Баянауыл ұлттық саябағының директоры Б.Рахметовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Марқұмның денесі ол жоғалған күннен бастап екі аптадан кейін табылып отыр. "Әріптесімнің мүрдесі Жаңатілек ауылынан 18 шақырым қашықтықтан табылды. Оны іздеуге арнайы топ құрылған болатын. Тәртіп сақшылары келіп, мәйіттің біздің қызметкердікі екендігі анықталды", - дейді Болат Рахметов. Оның сөзіне қарағанда, марқұмның денесі қар үстінде отырған күйі табылған. Саябақ қызметкерлерінен басқа оның мәйітін туысқандары да таныған екен. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, оның қалай өлгендігін ендігі кезекте солар анықтайтын болады. Естеріңізге сала кетейік, Баянауыл ұлттық саябағы ғылыми бөлімінің қызметкері Қуантай Әбукенов 24 қаңтар күні жоғалып кеткен болатын. Жасы алпысқа келіп қалған ол 20 қаңтар күні іссапармен Баянауыл ауданына жіберілген. Сол күні ол Жаңатілек ауылында бір орманшының үйіне қонбақ болса керек, алайда түнгі сағат 3-тер шамасында үйден шығып кетіп, қайтып келмейді. Айта кетейік, іздеу жұмыстарына ауыл тұрғындары, Төтенше жағдай қызметкерлері және тәртіп сақшылары жұмылдырылған болатын.
Із-түссіз жоғалған ұлттық саябақтың ғылыми қызметкерінің мәйіті Павлодар облысынан табылды деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі, Баянауыл ұлттық саябағының директоры Б.Рахметовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Марқұмның денесі ол жоғалған күннен бастап екі аптадан кейін табылып отыр. "Әріптесімнің мүрдесі Жаңатілек ауылынан 18 шақырым қашықтықтан табылды. Оны іздеуге арнайы топ құрылған болатын. Тәртіп сақшылары келіп, мәйіттің біздің қызметкердікі екендігі анықталды", - дейді Болат Рахметов.
Оның сөзіне қарағанда, марқұмның денесі қар үстінде отырған күйі табылған. Саябақ қызметкерлерінен басқа оның мәйітін туысқандары да таныған екен. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, оның қалай өлгендігін ендігі кезекте солар анықтайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Баянауыл ұлттық саябағы ғылыми бөлімінің қызметкері Қуантай Әбукенов 24 қаңтар күні жоғалып кеткен болатын. Жасы алпысқа келіп қалған ол 20 қаңтар күні іссапармен Баянауыл ауданына жіберілген. Сол күні ол Жаңатілек ауылында бір орманшының үйіне қонбақ болса керек, алайда түнгі сағат 3-тер шамасында үйден шығып кетіп, қайтып келмейді.
Айта кетейік, іздеу жұмыстарына ауыл тұрғындары, Төтенше жағдай қызметкерлері және тәртіп сақшылары жұмылдырылған болатын.