Елордада, түнгі уақытта "Ғашықтар" саябағын патрульдеу кезінде Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 39 жастағы қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолға түскен азамат Тұран даңғылының бойында орналасқан күндіз кофе сататын дүңгіршектің шынысын сындырып, қымбат тұратын кофе машинаны ұрламақ болып жатқан жерінде қолға түсті. Күдікті өз қылмысын мойындады. Оның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.