Генерал Ілиясовтың үкімі өзгеріссіз қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әбдіразақ Ілиясов сот залында. ©Роза Есенқұлова Әбдіразақ Ілиясов сот залында. ©Роза Есенқұлова

Генерал Әбдіразақ Ілиясовқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әскери сотта апелляциялық шағым қаралды. Ілиясовпен бірге Шекара қызметінің басқа да бұрынғы қызметкерлері - капитан Ғабдуллин мен аға сержант Есімов те шағым түсірген болатын. Бұлардың бәрінің өтініші қабылданбады. Сотталушылардың адвокаттары бұл шешімге тағы наразылық білдіргелі отыр. Еске салайық, Ілиясовқа мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі түзеу колониясында 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын. Шекара қызметінің бұрынғы қызметкерлері - генерал Ілиясов, подполковник Елемесов, капитан Ғабдуллин және аға сержант Есімовтер "Пара алу", "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану", "Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатымен ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару немесе қатысу" баптары бойынша айыпты деп танылған. Тергеудің мәліметінше, бұлар лауазымды тұлға бола отырып, шетел азаматтарынан бірнеше мәрте ірі көлемдегі пара алған. Шекарашылар "Бейнеу теміржол", "Тәжен авто", "Сырым авто" бекеттерінде ақша бопсалап тұрған. Іс материалдарына сәйкес, сотталғандар алған параның жалпы көлемі - 100 065 507 теңге.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.67  course up  587.02  course up  6.32  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro