Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды

Германияда Qazaq Banki акционері Ба?ыт Ибрагим ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сұранысы бойынша Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының Германиядағы әріптестеріне жолдаған тапсырмасы негізінде 23 сәуірде Германия аумағында Ибрагим Бақыт Жасұзақұлы ұсталды", - делінген ҚР ІІМ өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.

KASE мәліметінше, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Бақыт Ибрагимге Qazaq Banki акцияларының 10,71 пайызы тиесілі. Ол 2017 жылдың 12 маусымына дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін 9 мамырда қазақстандық банкир Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғаны хабарланған болатын. Ертаевтың Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болғаны айтылған еді.

Мәскеуде ұсталған Жомарт Ертаев жайлы не білеміз?

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама