Мәскеуде ұсталды делінген Жомарт Ертаев жайлы не білеміз?

09 Мамыр 2018, 09:47
0
Мәскеуде ұсталды делінген Жомарт Ертаев жайлы не білеміз? - Жомарт Ертаев. © proff.ru
Жомарт Ертаев. © proff.ru

Кеше, 8 мамырда қазақстандық банкир, кәсіпкер Жомарт Ертаевтың Мәскеу орталығында ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, арнайы жасақ cарбаздарының банкирмен бірге "Тройка-Д-Банк" бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяковті ұстағандары айтылған еді. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі Жомарт Ертаев жайлы мәлімет жинап көрді.

45 жастағы Жомарт Ертаев Алматы облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітіріп, инженер-экономист мамандығын алды. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, Жомарт Ертаев телекоммуникация және қаржы саласында мамандандырылған "Алма Групп" халықаралық холдингінің президенті әрі директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстандық кәсіпкер түрлі жылдары Орталық Азия қаржы-инвестициялық компаниясын басқарушы болып қызмет еткен. "Семей қалалық Акционерлік Банк" ААҚ басқарма төрағасының орынбасары болған. Кейінірек "ИртышБизнесБанк" ААҚ  басқарма төрағасы міндетін атқарушысы қызметінде болған. 2000 жылдардың басында "Сеймар"ААҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ал 2002-2007 жылдары  "Альянс Банк" ААҚ басқарма төрағасы болып қызмет істеген.

Сондай-ақ, Жомарт Ертаев Bank RBK АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі болған. 2014 жылы "Алма-ТВ" ЖШС бас директоры қызметіне келген.

Ал 2015 жылдың жазында қазақстандық банкирге біреудің сеніп тапсырған мүлігін иемденіп, оны жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеген еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай