Германия азаматтары Алматы әуежайында оқ-дәрімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Германия азаматтары Алматы әуежайында оқ-дәрімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 қыркүйекте Қазақстанға Алматы-Франкфурт әуе рейсімен ұшып келген 64 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел ұсталды. Тексеру кезінде 30-6 мм және 300 мм калибрлі патрондар табылды.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі (Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Әрқайсысына 10 АЕК (29 170 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сол күні Алматы әуежайында 1979 жылы туған Алматы облысының тұрғыны ұсталды, ол Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан әуе кемесінің бортына электр шоқпарымен кіруге тырысқан. Әкімшілік хаттама толтырылып, сот-электротехникалық сараптама тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!