Нашақорлықпен күрес басқармасының қызметкерлері Флоридада 28 жастағы америкалық боксшы Вилли Монро-кішінің (19-1, 6 КО) жаттықтырушысы Тони Морганды ұстады, - деп хабарлайды Vesti.kz ресурсы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. Морган есірткі, соның ішінде метамфитамин таратқаны үшін айыпталып отыр.

Жаттықтырушы полицей қызметкеріне 28 грамм метафитаминді 6400 долларға сату кезінде ұсталды. Сонымен қатар, Морганға есірткі тасымалдауға көлік құралын және есірткі затын сақтауға арналған құрылғыны пайдаланды деген күдік келді.
АҚШ-та есірткі сатумен айналысқандар түрмеде ұзақ отырады. Сондықтан Морган жақын арада шәкіртінің жекпе-жегіне көмектесе алмайды. Сонымен қатар, америкалық боксшының жаттығу процесі туралы соңғы ақпараттардың қалай шығатыны белгісіз.
Айта кетейік, Вилли Монро-кіші 16 мамырда WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс. Бұл жекпе-жек Лос-Анджелес қаласында өтеді, HBO телеарнасы жекпе-жекке тікелей транцляция жасайды деп күтіліп отыр.