Головкиннің қарсыласының бапкері есірткі сатумен айналысқаны үшін ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©BoxingScene.com ©BoxingScene.com

Нашақорлықпен күрес басқармасының қызметкерлері Флоридада 28 жастағы америкалық боксшы Вилли Монро-кішінің (19-1, 6 КО) жаттықтырушысы Тони Морганды ұстады, - деп хабарлайды Vesti.kz ресурсы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. Морган есірткі, соның ішінде метамфитамин таратқаны үшін айыпталып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нашақорлықпен күрес басқармасының қызметкерлері Флоридада 28 жастағы америкалық боксшы Вилли Монро-кішінің (19-1, 6 КО) жаттықтырушысы Тони Морганды ұстады, - деп хабарлайды Vesti.kz ресурсы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. Морган есірткі, соның ішінде метамфитамин таратқаны үшін айыпталып отыр.

Жаттықтырушы полицей қызметкеріне 28 грамм метафитаминді 6400 долларға сату кезінде ұсталды. Сонымен қатар, Морганға есірткі тасымалдауға көлік құралын және есірткі затын сақтауға арналған құрылғыны пайдаланды деген күдік келді. 

АҚШ-та есірткі сатумен айналысқандар түрмеде ұзақ отырады. Сондықтан Морган жақын арада шәкіртінің жекпе-жегіне көмектесе алмайды. Сонымен қатар, америкалық боксшының жаттығу процесі туралы соңғы ақпараттардың қалай шығатыны белгісіз.

Айта кетейік, Вилли Монро-кіші 16 мамырда WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс. Бұл жекпе-жек Лос-Анджелес қаласында өтеді, HBO телеарнасы жекпе-жекке тікелей транцляция жасайды деп күтіліп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer