05 қазан 2014 21:27

Грозныйдың орталығында жойқын жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости© РИА Новости©

Грозный қаласының орталығында жойқын жарылыс болды, салдарынан төрт полиция қызметкерлері қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости РФ ІІМ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 


Грозный қаласының орталығында жойқын жарылыс болды, салдарынан төрт полиция қызметкерлері қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости РФ ІІМ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Баспасөз орталығының мәліметі бойынша, жарылыс полиция қызметкерлері Қала күніне орай болып жатқан концертке кіруге бара жатқан күдікті ер азаматты тексеру барысында болған. "Концерт залының алдына орнатылған металл тексергіштің алдында сол аймақта күзет жүргізіп жүрген полиция қызметкерлері күдікті адамды байқаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні тексеріп, жеке басын анықтауға кіріскенде ер адам өз-өзін жарып жіберді", - деп хабарлайды баспасөз орталығы. 

Жарылыстың салдарынан төрт полиция қызметкері қаза болды, тағы төртеуі жарақат алған. Полиция қызметкерлері өз-өзін жарып жіберген азаматтың жеке басын анықтап қойды. "Бұл екі ай бұрын үйінен кетіп, бүгінге дейін хабарсыз жүрген Старопромысловск ауданының тұрғыны", - дейді ІІД өкілі. Қазір жарылыс болған жерде Федералдық қауіпсіздік қызметі мен полиция жұмыс жасап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети