Гүлмира Сатыбалды ісі: кәсіпорындар үлесін заңсыз иемдену, адам ұрлау бойынша тергеу аяқталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі дерек бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі дерек бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.

"Биыл 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары нысандарды салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктеледі", - делінген хабарламада.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелгені айтылды.

"Осы факт бойынша да соталды тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр", - делінген Антикор хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. 17 наурызда Гүлмира Сатыбалды ұсталғаны белгілі болды.

18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны туралы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro