Гүлмира Сатыбалды Универсиада нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлмира Сатыбалды Универсиада нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы "Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада" нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру деректері бойынша Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде соталды тергеп-тексерулер жүріп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети