Гүлмира Сатыбалды ұсталды - Антикор

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлмира Сатыбалды ұсталды - Антикор Көрнекі сурет: ugranow.ru

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны хабарланды. Сонымен қатар, FlyJet.kz әуекомпаниясы Қайрат Сатыбалдыұлына ұшақ берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, Антикор басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелекомдағы" ақша жымқыру туралы істің мән-жайын мәлімдеді. Кейінірек Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети