13 қыркүйек 2019 15:51

Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық елордада қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Полиция департаментінің баспасөз қызметі © Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Елорда полицейлері "Заңсыз келуші-Арна-Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелерін шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Елорда полицейлері "Заңсыз келуші-Арна-Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелерін шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

​"Іс-шара 9 қыркүйектен бастап өткізілді және көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырушы көшіп-қонушыларды тексеруге, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталды", - делінген департаменттің ақпаратында.

​ЖАІШ барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жасар Өзбекстан азаматын ұстады. Анықталғандай, осы жылдың сәуір айынан бастап ер адам Санкт-Петербург қаласының аумағында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін іздестірілуде жүрген.

​Сонымен қатар, операция барысында полицейлер сот шешімін орындамағаны үшін 23 жасар Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол қаңтар айында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жауаптылыққа тартылған, алайда бүгінгі күнге дейін сот шешімін орындамаған.

"Заңсыз келуші-Арна-Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 900-ден астам көші-қон саласындағы әкімшілік заңнаманы бұзушылық анықталды. Оның ішінде 900-ге жуық шетелдік азамат республикада болу қағидасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 200 шетелдік азаматқа қатысты ҚР аумағында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети