Хасан Қасымбаев қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хасан Қасымбаев қамауға алынды видео кадры

Талғарда "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы делінген Хасан Қасымбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда "Хутор" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы делінген Хасан Қасымбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев Мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады. Сот қаулысы бойынша, Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін “Хутор“ ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев ұсталғаны белгілі болды. Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы атышулы адам өлтіру оқиғасынан кейін шыққанын айта кеткен жөн.

Өңірдің ПД баспасөз қызметі мәліметінше, азамат К. 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол 2021 жылдың маусымында А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети