ПОДЕЛИТЬСЯ
02 маусым 2021 | 13:24
ХАТУ экс-ректорының ісі бойынша үкім өзгерді
Алматы қалалық сотында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен 1,7 миллиард теңге жымқыру туралы қылмыстық іс бойынша апелляция қаралды. Бұған дейін бұрынғы ректор - Дамир Шыныбеков пен бас бухгалтер Жанайым Спабекова сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апелляциялық сатыдағы сот процестік шығындардың сомасын нақтылап, Дамир Шыныбековтің қамауда болған уақыты жазалау мерзіміне есептелетінін хабарлады.
"Сонымен қатар, айыптау актісінде, сотқа дейінгі тергеу органы Шыныбековтің мүлкі қылмыстық жолмен алынғанын көрсетпегендіктен, сот мүлікті тәркілемей, оны залалды өтеу есебінен мемлекет кірісіне аударды", - деп мәлімдеді қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалды. Қаулы заңды күшіне енді.
Еске салайық, 2020 жылдың 5 қазанында ХАТУ экс-ректоры мен бас бухгалтері сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Іс материалдарына сәйкес, білім және ғылым министрлігі 2013-2018 жылдар аралығында университетке 10 миллиард теңгеден аса қаржы аударған. Прокурордың мәліметінше, Шыныбеков пен Спабекова жыл сайын студенттер санын жасанды түрде арттырып, осы сомадан 1 миллиард 727 миллион теңге ұрлаған. Бұл миллиардтар пәтер мен қымбат көліктерге жұмсалғаны хабарланды.
ХАТУ-ның бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков 2019 жылы 29 мамырда қамауға алынды. Ол университет басшысы қызметін 2009 жылдан бері атқарған. 2017 жылы Шыныбеков Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также