17 маусым 2019 22:16

ХАТУ бұрынғы ректоры қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/d.shynybekov © facebook.com/d.shynybekov

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков Алматыда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков Алматыда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Шыныбеков Дамир Абдуәлиұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге - 29 шілдеге дейін санкциялады. Дамир Шыныбеков Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша күдікке ілінген", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Дамир Шыныбеков Арқалық қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бастап ректор қызметін атқарды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы Бостандық аудандық мәслихатының депутаты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети