Храпуновтың ШҚО-дағы сегіз жер учаскесі тәркіленеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Храпуновтың ШҚО-дағы сегіз жер учаскесі тәркіленеді Фото: Facebook.com

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде осындай 36 нысан (коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлік, жер учаскелері) анықталған. 

"Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды", - деді комиссия өкілдері.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сот Төлешовтің (билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған, Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі) активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарастырып жатыр.

Сонымен қатар, олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша Жоғарғы сот сатысына 4 наразылық келтірілді. Оларды қайта қарау мемлекетке 30 миллиард теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети