02 қазан 2014 19:17

"Иегова куәгерлеріне" Алматы облысындағы заңсыз миссионерлік қызметтері үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews © иллюстрациясы Тengrinews © иллюстрациясы

"Иегова куәгерлеріне" Алматы облысындағы заңсыз миссионерлік қызметтері үшін сот шешімімен 1,85 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сол өңірдегі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


"Иегова куәгерлеріне" Алматы облысындағы заңсыз миссионерлік қызметтері үшін сот шешімімен 1,85 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сол өңірдегі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Үштөбеде тексеріс жүргізген қадағалаушы ведомство заң бұзушылықтарды анықтаған. "Алматы облысы Қаратал ауданының прокуратурасы тексеру кезінде Үштөбе қаласында заңсыз миссионерлікпен айналысу фактісін анықтады. "Алматы облысындағы Иегова куәгерлері христиандық бірлестігі" заңсыз миссионерлікпен айналысты деп айыпталды" - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Прокуратура қызметкерлері Алматы облысы бойынша Дін істері басқармасы жетекшісінің атына прокурорлық тексеріс туралы акт шығарды. 

Бұрын Ақтау қаласында "Иегова куәгерлері" діни тобының құрамына кірген ата-ана өздерінің 18 жастағы қызын үйден қуып жібергені туралы хабарланған болатын. Өйткені 18 жастағы бойжеткен діни топтың жиналысына қатысудан бас тартқан. Жапа шеккен қыздың айтуына қарағанда, ереже бойынша  діни топтан шығып кеткен, қайта қайтқысы келмейтін  адаммен топтың қалған мүшелерінің араласуына тыйым салынады. Қыздың шешесі оны үйден қуғанымен қоймай, оның құжаттарын мектептен алып алған. Қазір мектепті аяқтай алмаған қыз дос қызының үйін паналап жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети