"Иесі" қайтыс болған". Ресейлік Қазақстанда құлдықтан 15 жылдан кейін шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Иесі" қайтыс болған". Ресейлік Қазақстанда құлдықтан 15 жылдан кейін шыққан Видео кадры

Ресейлік ер адам 15 жыл Қарағандыда құлдықта болған. Ол тек "қожайыны" қайтыс болғаннан кейін қашып шыққан, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік ер адам 15 жыл Қарағандыда құлдықта болған. Ол тек "қожайыны" қайтыс болғаннан кейін қашып шыққан, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, Салават Қазақстанға әскерден кейін келген. Ол құжаттарын жоғалтып алғаннан кейін танысы оның ата-анасында жұмыс істеуге ұсыныс жасаған. Ер адам келісіп, нағыз құлдыққа түскен. Біраз жыл бойы тамақ пен жатын орын үшін мал баққан. 

Салаваттың Қазақстанда құжаты жоқ. Ал Ресейде ол өлілер қатарында екен. Яғни, қайтыс болу туралы кәулігі бар. 

"Маған "Келмей-ақ қойсаңыз болады, сіз қайтыс болғансыз" деді. Менің тіпті қайтыс болу туралы куәлігім бар. Оны елшілік арқылы беріп жіберген. Мені 2003 жылы Ресейде жерлеп тастаған", - дейді Салават. 

Салават сот арқылы тірі екенін дәлелдеген. Ал құжаттарын әлі қалпына келтіре алмай жүр екен. Қазір ол жұмыс істеп, Отанына қайтамын деген үмітте. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети