15 тамыз 2022 | 12:20

Интернет-алаяқтар қазақстандықтарға 7 миллиард теңге шығын келтірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Интернет-алаяқтар жыл басынан бері қазақстандықтарға 7 миллиард теңге шығын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Интернет-алаяқтар жыл басынан бері қазақстандықтарға 7 миллиард теңге шығын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 12 мың интернет-алаяқтық тіркеліп, 7 миллиард теңге шығын келтірілген. 571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілген.

"Интернет-алаяқтық ең көп тіркелген өңірлер: Нұр-Сұлтанда - 2295, Алматыда - 1486 және Қарағанды ​​облысында - 1150 дерек", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға профилактикалық және ескерту SMS-хабарламаларын жібере бастады.

"Ұялы байланыс тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан, Қазақстанның әрбір тұрғынына қолжетімді болғандықтан, алаяқтық дерегі туралы ақпаратты SMS арқылы жіберу азаматтардың кең ауқымын жедел хабардар етуге мүмкіндік береді", - деді ІІМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная