04 қараша 2016 | 12:32

Интернетте қарағандылықтардың жаппай төбелесі түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадры Видеоның кадры

Интернетте Қарағандының кешендерінің бірінде биыл жазда болды делінген жаппай төбелестің видеосы пайда жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоның сипаттамасында төбелескендердің пышақ, шанышқы және пневмат қару қолданғаны айтылады. Сондай-ақ, қақтығысқа құқық қорғау органдарының бұрынғы және қазіргі қызметкерлері қатысты делінеді.


Иконка комментария блок соц сети

Интернетте Қарағандының кешендерінің бірінде биыл жазда болды делінген жаппай төбелестің видеосы пайда жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоның сипаттамасында төбелескендердің пышақ, шанышқы және пневмат қару қолданғаны айтылады. Сондай-ақ, қақтығысқа құқық қорғау органдарының бұрынғы және қазіргі қызметкерлері қатысты делінеді.

Видеода ер адамдар мен әйелдердің жүргені көрінеді. Әйелдер ажыратпақшы болады. Кадрлардан төбелесқойлардың бірінің сабырға шақырған әйелдің бетінен жұдырықпен ұрғаны бейнеленген. "Биылғы жаздың аяғында менің клиенттерім көңіл көтеру кешенінде демалған. Ер адамдар бильярд ойнап жатқан кезде олардың әйелдеріне 15 шақты белгісіз адам келіп, тиісе бастаған. Сөйтіп, ер адамдар төбелесіп, белгісіздер менің клиенттерімді және олардың әйелдерін ұрып-соға бастады. Төбелес кезінде олар шанышқы, пышақ, тіпті біреуі пневмат қаруын қолданды. Сол күні кеште клиенттерім полиция шақырып, арыз жазды", - делінген видеоның сипаттамасында. Сонымен қатар, видео авторы бұл істі тергеудің созылып кеткенін, себебі шабуылдағандардың ішінде полицейлердің болғанын айтып отыр. 

Қарағанды облыстық ІІД өкілдері өз кезегінде төбелеске полицейлердің қатыспағанын айтты. Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер қылмыстық істің бақылауда екенін айтты. Күдіктілердің бірі қамауға алынып, сараптамалар белгіленіпті. "Олимп" автокешенінде 27 шілдеде болған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы туралы мәлімет шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта кінәлілерді жазалау бойынша барлық шара жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, осы дерек бойынша 24 жастағы қарағандылық ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғандарының кінәсі тергеудің қорытындысы бойынша анықталады", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, осы дерек бойынша сол күні қару, газ қаруы, пышақ, кастет және тағы да басқа суық қаруды қолдаумен "Атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер" бабы бойынша соталды тергеу басталған. Бұл бап бойынша кінәлілер үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Видео опубликовано @shock_krg

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети