АҚШ-та жасырынып жүрген үш қазақстандық ұсталды. Олар аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ-та жасырынып жүрген үш қазақстандық ұсталды. Олар аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Интерполдың Қазақстан ІІМ Ұлттық орталық бюросы АҚШ құзыретті органдарының көмегімен Америка аумағында жасырынып жүрген үш қазақстандықты анықтап, ұстады. Олар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан полициясының сұрауы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. Өткен аптада олар Қазақстанға жер аударылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.
Ол соңғы уақытта шет мемлекеттердің аумағында қылмыскерлерді ұстау географиясы едәуір кеңейгенін айтты. Соңғы бес жылда ТМД елдерінде, сондай-ақ ГФР, Грузия, Түркия, АҚШ, Израиль, Араб Әмірліктері, Финляндия, Ұлыбритания, Канада, Сенегал, Испания, Таиланд, Румыния, Португалия, Болгария, Австрия, Қытай, Швеция, Македония, Польша, Дания, Греция, Хорватия елдерінде іздестірілген адамдар анықталып, ұсталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!