Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері алаяқтық жасады деген күдікпен Саймағамбетов Арман Темірланұлын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қалалық МКД өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған 1987 жылдың 27 қазанында дүниеге келген Саймағамбетов Арман Темірланұлын іздестіріп жатыр. Іздестіру 2017 жылдың 3 тамызында тіркелді, іздестіру нөмірі - 17750015410012, бұлтарпау шарасы - "қамауға алу", іздестіру түрі - "мемлекетаралық", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Іздестіріліп жатқан ер адамның белгілері: бойы 170-175 сантиметр, арықтау келген. көзі қара, қасы қалың, шашы қара, қысқа.
Ведомство мәліметінше, 2017 жылдың 14 тамызында оған халықаралық іздеу жарияланған.
"Іздеуде жүрген ер адамды көрген жағдайда немесе оған қатысты қандай да бір мәлімет білетіндер Алматы қалалық МКД өкілдерінен мына мекенжай мен нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қазақстан, Алматы, Абылай хан даңғылы, 93/95 немесе 8 (727) 279-29-56 (іздестіру бөлімі), 279-35-40 (кезекші бөлім), ұялы телефон 8- 707-459-86-28", - деп хабарлады ведомство өкілдері.