Иран іздеу жариялаған адамды Бас прокуратура ұстап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран іздеу жариялаған адамды Бас прокуратура ұстап берді ©infozakon.com

Иранда жалған құжат жасап, банктен несие алғаны үшін сырттай сотталған азамат бүгін Алматыдан экстрадицияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Иран азаматы Х.Санандаджи Алматыдан экстрадицияланды, оны сол елдің құқық қорғау органдары сот үкімін орындау үшін іздеп жүрген болатын. ҚР Бас прокуратурасы ирандық тараптың аталған тұлғаны ұстап беру туралы сұранысхатын Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасында 2012 жылдың сәуір айында жасалған Ұстап беру туралы шарт негізінде қарастырып, қанағаттандырды", - делінген хабарламада. Иранның құқық қорғау органдарының мәліметінше, Санандаджи бір топ адамдармен бірге банктен несие алу мақсатында жалған құжат жасап, оны қолданғаны үшін айыпталған, Иран соты оны сырттай соттаған. Ұсталған тұлға Алматы халықаралық әуежайында Иран уәкілетті органдарына тапсырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети