Иығынан қағып өткен адамды өлтірген павлодарлық сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иығынан қағып өткен адамды өлтірген павлодарлық сотталды ©РИА Новости

Өзін иығынан қағып өткен адамды өлтірген Павлодар тұрғыны 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзін иығынан қағып өткен адамды өлтірген Павлодар тұрғыны 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алқабилер соты 33 жастағы ер адамды бірнеше бап бойынша айыпты деп таныды, атап айтқанда, "Денсаулыққа ауыр нұқсан келтіріп, өлімге соқтыру", "Жалған құжат жасау" және "Суық қару ұстау".

"Алқабилердің қатысуымен сот Павлодар тұрғынын аталған қылмыстарды жасағаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті", - деп хабарлайды соттың баспасөз хатшысы Ержан Қалкен. Сотталушы қатаң режимдегі түзеу колониясында жаза өтейтін болады.

Сот өкілдерінің айтуынша, бұл қайғылы оқиға Павлодар көшелерінің бірінде болған. Қарама-қарсы келе жатқан жігіт мұны иығынан қағып өткен. Сол кезде екеуі сөзге келіп қалады да, арты төбелеске ұласады. Сотталған жігіт қолына кастетін алып, иығынан түйген замандасын ұрып өлтіреді. 

Марқұм болған адам - қаржы аудитімен айналысатын фирманың 35 жастағы қызметкері. Оның туыстары жігітті әлдекімдердің тапсырыспен өлтірткенін айтып отыр. Бұл дерек бойынша әуеліде "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған, кейін іс "Денсаулыққа ауыр нұқсан келтіру" бабына ауыстырылады. 

"Оқыс оқиға күндіз болғандықтан, куәгерлер жағы жеткілікті. Оған қоса, арнайы базадағы құжаттарды тексеру барысында сотталушының алаяқтық қылмысы үшін төрт жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды", - дейді Ержан Қалкен.
 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети