"Жабылып ұрған". Қостанайда ағайынды жасөспірім соққыға жығылған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жабылып ұрған". Қостанайда ағайынды жасөспірім соққыға жығылған Фото: Зардап шеккен балалардың анасы ұсынған

Қостанайдың орталық алаңында ағайынды екі жасөспірім соққыға жығылды, үлкені облыстық балалар ауруханасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдың орталық алаңында ағайынды екі жасөспірім соққыға жығылды, үлкені облыстық балалар ауруханасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанайдың орталық алаңында, ойын-сауық саябағына жақын маңда болған. Онда 13 және 15 жастағы екі ағайынды бала достарымен кездесуі керек болған. Зардап шеккен балалардың анасының айтуынша, олардың алдынан төрт ересек бала шыққан.

"Бірі иығымен әдейі қағып өткен, кейін жанжал шыққан. Олар аллеяның артына шығып, сонда төбелес басталған. Балаларды ұрып-соғып жатқанда, өтіп бара жатқандардың ешқайсы араша түспеген. Бір әйел оларды ажыратқан. Оны екеу жабылып ұрған, жастары 18-19-да, бұлар не істей алсын. Кішкентайы көмекке шақырған. Бәрі қашып кеткесін, екеуі полиция пунктіне барған, бірақ ол жабық болған", - дейді зардап шеккен ұлдардың анасы Татьяна Шелудякова.

Миы шайқалған 15 жастағы жасөспірім ауруханаға түскен.

"Үлкенінің денесі бірнеше жерінен көгерген, сырылған және миы шайқалған. Екеуі кішісін ұстап тұрған, бірақ ол да таяқ жеген", - дейді жасөспірімдердің анасы.

Полицейлер мәліметінше, қаланың орталық саябағында орналасқан стационарлық пунктте қызметкерлер тұрақты отырмайды, қала орталығын патрульдейді. Жасөспірімдерді ұрып-соққан күдіктілерді іздестіру шаралары арыздың бірнеше сағаттан кейін жазылуына байланысты созылып кеткен.

"Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктілерді іздестіру жұмыстары, барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Қостанай облысы Полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети