Жаманқұловқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаманқұловқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды Тұңғышбай Жаманқұлов. © arnapress.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Антикоррупциялық қызмет "Феникс" көркемфильмінің өндірісіне бөлінген 69 миллион теңге сомасындағы аса ірі бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келген Тұңғышбай Жаманқұловқа, Гауһар Ысқақоваға, Наталья Юдинаға және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - деп хабарлады Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауапта.

Соталды тергеу барысында Жаманқұловтың 6 миллион теңге көлемінде шығынды ішінараөтегені айтылады. Айта кетейік, актер осыған дейін өз кінәсін толықтай мойындаған болатын.

"Қазіргі уақытта іс материалдары процесс қатысушыларына танысуға берілді, одан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен Алматы прокуратурасы қарауға және күдіктілерді сотқа беру үшін жіберіледі", - деді Кексель.

Айта кетейік, қаражат жымқыру ісінде режиссер Талгад Жәнібековтің де аты аталады. Ол өткен жылдың желтоқсанында 2 айға қамауға алынған болатын.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети