15 наурыз 2017 20:08

Жаманқұловтың бұрынғы бас есепшісі кімнің қанша ақша алғанын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Т.К. TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-ның бас есепшісі Назгүл Жүнісова актер және продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жәнібековтың еңбекақысы қандай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Т.К. TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-ның бас есепшісі Назгүл Жүнісова актер және продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жәнібековтың еңбекақысы қандай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр. 

"2014 жылдың мамырында Жаманқұлов мені есепші ретінде жұмысқа шақырды. Алғашқы транш 2014 жылдың наурызында жасалды - 10,5 миллион теңге. Оның 8,3 миллионы сценаристің есепшотына аударылды. 2014 жылдың 15 мамырында фильмді түсіруге қаржы жіберілді", - дейді Жүнісова.

Жүнісова Талғад Жәнібеков пен Наталья Юдина кеңсеге жиі келіп, Жаманқұловқа есеп беретінін айта кетті. Сонымен бірге, бухгалтер кімнің қанша еңбекақы алғанын жария етті. 

"Жәнібеков 169 мың теңге. Есбаев - 112 мың теңге. Жаманқұлов 400 мың теңге, ал мен 112 мың алатынмын. Нақты айта алмаймын, бірақ, Гизат Султанов (фильм редакторы) 169 мың алатын. Жәнібеков пен Сұлтанов еңбекақының үстіне тағы да ақша алатын. Қосымша ақша төлеу мәселесін Жаманқұлов, Жәнібеков пен Юдина біріге шешетін".

"2014 жылдың маусымында Жаманқұлов алты-жеті миллион теңге керек деді. Ол Наталья Юдинаға осы соманы жинауды тапсырды. Бір аптадан кейін Юдина қоңырау шалып, маған 717 мың теңгені есеп шотынан шешу керектігін айтты. Бұл ақшаны мен Керімжан Есбаевтың (фильмнің бас директоры) көзінше сейфке салдым", - дейді куәгер.

Бухгалтердің сөзінше, бір аптада 5,2 миллион теңгедей жиналып, оны Жаманқұлов алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети