06 сәуір 2017 | 17:48

Жаманқұловтың ісі бойынша сотталғандар "Қазақфильмге" ақшаны қайтара бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген ақшаны жымқырғаны үшін сотталған үш адам ақшаларды қайтара бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Феникс" фильмінің түсірілімдеріне бөлінген ақшаны жымқырғаны үшін сотталған үш адам ақшаларды қайтара бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотталушылар шығынды өтей бастады. Юдина 2017 жылдың 3 сәуірінде 2 079 555 теңге, Марлен Әбішев 4 сәуірде 500 мың теңге, Бижан Әбішев болса 280 мың теңге төледі", - деді сот залында "Қазақфильм" атқарушы директоры Лидия Климова.

Айта кетейік, сот отырысы барысында "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдинадан жауап алынды. Ол сот залында кінәсін толықтай мойындады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген еді хабарламада.

Осыған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талгад Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақованың ҚР Қылмыстық кодексінің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша күдікті болып отырғаны жайлы хабарланған еді.

Ал кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети