10 мамыр 2017 | 22:43

Жаманқұловтың ісі: Режиссер Талғад Жәнібеков келтірген шығынды өтей бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғад Жәнібеков. © Tengrinews.kz Талғад Жәнібеков. © Tengrinews.kz

"Қазақфильм" киностудиясының атқарушы директоры Лидия Климованың мәлімдемесі бойынша, бүгін "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталғандардың бірі режиссер Талғад Жәнібеков ақшаны қайтара бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақфильм" киностудиясының атқарушы директоры Лидия Климованың мәлімдемесі бойынша, бүгін "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталғандардың бірі режиссер Талғад Жәнібеков ақшаны қайтара бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Хабарламаға қарағанда, бүгін "Феникс" фильмінің режиссері Талғад Жәнібековтің жары күйеуінің келтірген зиянын қайтару мақсатында алғашқы транш - 200 мың теңгені аударған. Ал Жәнібековтің өзі тұтқында екені белгілі. Оған 2014 жылдың 5 маусымы мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында "Феникс" фильмінің түсіріліміне бюджеттен бөлінген 1 миллион 655 мың 276 теңге қаражатты жымқырып, жеке мұқтажына жұмсады деп айып тағылған болатын.

Осы орайда айта кететін жайт, осы іске қатысты басқа да айыпталушылар алған қаражатты қайтара бастады. Үстіміздегі жылдың 16 қарашасында картинаның продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов 6 миллион теңге қайтарған болатын. Ал 3 сәуірде фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдина атынан 2 079 555 теңге, 4 сәуірде дайындық кезеңде түсіру тобын басқарған Марлен Әбішев үшін 500 мың теңге, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев атынан 280 мың теңге қайтарылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда "Қазақфильм" АҚ "Феникс" фильмінің дайындықалды және дайындық кезеңдеріне "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға (Тұңғышбай Жаманқұлов - құрылтайшы) 79 миллион теңге бөлсе, оның 69 миллион теңгесі жымқырылған болып шыққан.

2017 жылдың 9 наурызында осы іске қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына 9 адам келді: фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссері Талғад Жәнібеков, атқарушы продюсері Наталья Юдина, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі бұрыңғы атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, фильмнің дайындық кезеңінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев пен ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров. Оларға фильмді түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды және жымқыруға көмектесті деген айып тағылып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети