Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің қызметкерлері бас инспектор - облыстық тексеру комиссиясының мемлекеттік тексерушісі Н.Дүйсеновті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Н.Дүйсеновтің жоспарлы тексерістің қорытындысына оң баға беру үшін Талас аудандық әкімдігінің білім бөлімінің орынбасарынан бопсалаушылық арқылы 4 500 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды", - деп хабарлады ведомстводағылар. Қазіргі уақытта инспектор Тараз қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.