Жамбыл облысында 11 жыл бойы мемлекетті алдап келген ҰҚТ әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында 11 жыл бойы мемлекетті алдап келген ҰҚТ әшкере болды © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында 11 жыл бойы мемлекетті алдап келген ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болд. Қаржы мониторингі комитетінің мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал сомасы 10 миллиард теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тергеу жүргізді. Олар ҰҚТ-ға 10 адам кіргенін анықтаған. 2009-2020 жылдар аралығында олар жалған шот-фактураларды нақты орындаусыз және тауарларды Таразға жеткізусіз жазып беріп отырған. Ақша екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаға айналдырылған.

"Қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал сомасы - 10 миллиард теңге. Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети