Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
"Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Бірлік-Мойынқұм - Ұланбел тасжолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Runner маркалы автокөлігі ұсталды", - делінген хабарламада.
Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті Тараз қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.