Жамбыл облысында 4 жасар баланы өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды

25 Мамыр 2015, 17:23
0
Жамбыл облысында 4 жасар баланы өлтірді деген күдікті екі айға қамауға алынды - © Аrxiv.az
© Аrxiv.az

Жамбыл облысында 4 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қырғызстан азаматы екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық прокуратураға сілтеме жасап. Қамауға алу туралы қаулыны Мерке аудандық соты қабылдады.

Сонымен қатар, айыпталушының әйелі де екі айға қамауға алынды. Ол жалған куәгерлік еткені үшін айыпталып отыр. Прокуратурадағылар ер адамның 20 мамырда, ал әйелі 23 мамырда ұсталғанын мәлімдеді. "Іс Жамбыл облысы Тараз қаласы Мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады", - деді қадағалаушы орган өкілдері.

Еске сала кетейік, 21 мамырда Жамбыл облысында бүлдіршінді өлтірді деген күдікпен 55 жастағы ер адам ұсталғаны хабарланған болатын. 17 мамыр күні таңда полицейлер үйдің жақын маңынан баланың денесін тапты. Бала өлімі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. "Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. 55 жастағы ер адамның сексуалдық мәндегі әрекет жасау үшін баланы өз үйіне кіргізіп, тұншықтырып өлтіргені анықталды. Дене табылған уақытта оның күдіктіге қатысы болуы мүмкін екендігін айғақтайтын зат болмады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазігі уақытта осы дерекке байланысты ұсталған азаматтың психикасын тексеру үшін сот-медициналық сараптама өткізу жоспарланып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай