15 наурыз 2017 17:19

Жамбыл облысында 4 жәшік ұялы телефон ұрламақ болған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі © Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алматыдағы "Exline" курьерлік компаниясы бөлімінің 32 жастағы басшысы несие қарыздарын өтеу үшін аса ірі көлемде алаяқтық жасаған деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы "Қазфосфат" зауытында 23 ақпанда таңғы сағат 8.00-де болған. 

"Белгісіз бір ер адам өзін "Exline" ЖШС қызметкері деп таныстырып, 4 жәшік Samsung маркалы телефондарды заңсыз түрде иеленген. Телефондардың жалпы құны 18,2 миллион теңгеден асқан. Гаджеттер "Алматы - Тараз" автобусының жүксалғышында жатқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Осылайша, 32 жастағы күдікті несие қарыздарынан құтылмақ болған.

Ведомстводағылардың мәліметінше, күдікті кінәсін мойындап, ұялы телефондарды қайда жасырғанын айтты. Қазіргі уақытта 32 жастағы ер адам ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети