Жамбыл облысында әкімшілік қызметкері бала ұрлағаны үшін сотталды

10 Маусым 2014, 12:26
0
Жамбыл облысында әкімшілік қызметкері бала ұрлағаны үшін сотталды - Сарысу ауданының соты М.Бектайды кінәлі деп таныды. ©zhmb.sud.kz
Сарысу ауданының соты М.Бектайды кінәлі деп таныды. ©zhmb.sud.kz

Жамбыл облысында әкімшілік қызметкері бала ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сарысу аудандық сотының үкімімен Бектай Мағжан Жарылқасынұлы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі "Д, З" тармақтары бойынша, яғни, "кәмелетке толмаған адамды ұрлап, пайдакүнемдік қылмыс жасағаны үшін" кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 7 (жеті) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда Қазақстан Республикасының ҚК-нiң 63 бабының ережелерiнiң негiзiнде бас бостандығынан айыру жазасын шартты деп санап, сотталған М.Бектайға 2(екі) жыл сынақ мерзiмі белгiленген", - делінген таратылған хабарламада. Сот отырысында шенеунік бала ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өзінің кінәсін мойындады. Талап еткен ақшасына несиесін жапқысы келгенін айтқан. 

Еске сала кетейік, бала ұрлау оқиғасы осы жылдың наурыз айында орын алған. Шенеунік есік алдында ойнап жүрген алты жасар баланы ұрлап, оны алдау арқылы жұмысына алып барған. "Айыпталушы Сарысу аудандық әкімшілігінде "Экономика және бюджеттік жоспарлау" бөлімінде статист болып келісім шарт арқылы жұмыс істеген. Яғни ол баланы Сарысу аудандық әкімшілігіне жасырған", - деп хабарланған болатын мұның алдындағы сот отырысында. Ол өзінің пайдакүнемдік қылмыстық ниетін ақырына дейін жеткізу мақсатында баланың ата-анасына хат жазып, балаларының амандығы үшін 200 000 теңге ақша алып келуді талап еткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай