Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірген ірі ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірген ірі ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді Фото: polisia.kz

ІІМ алтынды заңсыз өндіру, өңдеу орындарын және оны шетелге тасымалдау бағыттарын анықтауға ерекше назар аударып отыр. Жамбыл облысында осындай қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ алтынды заңсыз өндіру, өңдеу орындарын және оны шетелге тасымалдау бағыттарын анықтауға ерекше назар аударып отыр. Жамбыл облысында осындай қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл маусымда Жамбыл облысында "Ақбақай" кен орнында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді.

Топ құрамына жергілікті тұрғындар, комбинат қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері кірген. Заңсыз өндіруден бастап өңдеуге және алтын құрамды шикізатты тасымалдауға дейінгі қылмыстық тізбек толығымен ашылған.

"Олардың заңға қайшы әрекеттерінен кәсіпорынға келтірілген залал 400 миллион теңгеден асты. Топ ұйымдастырушысы мен оның сыбайластары бір мезгілде елдің төрт өңірінде ұсталды. Жалпы 50-ден аса адам ұсталды. Шамамен 6 келі алтын тәркіленді, кен өңдейтін 8 жасырын цех жойылды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети