02 сәуір 2015 | 17:51

Жамбыл облысында Ауғанстаннан Ресейге жөнелтілген 15 келі героиннің жолы кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Белбасар ауылының маңындағы Қордай - Шу автожолында Ауғанстаннан келген 15 келі героиннің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғызстанның Ыстықкөл облысының тұрғыны героинды көлікпен тасымалдаған. Облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Шопырхан Жапабаевтың айтуынша, ұсталған адамнан 15,2 келі есірткі тәркіленді.

Иконка комментария блок соц сети

Құрықтау операциясы 2015 жылдың 1 сәуіріне қараған түні болды. ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті мен облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қырғызстандық әріптестерімен бірге жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Ұсталған жүргізушінің Бішкектен Санкт-Петербургке бағыт алғаны хабарланды. "Автокөлікті қарау кезінде арнайы жабдықталған құпия орында жалпы салмағы 15 келі 240 грамм болатын есірткі заттары бар 16 брикет табылды", - деді Жапабаев. 

Оның айтуынша, героин Ауғанстаннан келген болуы мүмкін. "Брикеттерде қалықтап бара жатқан бүркіттің таңбаланған мөрдің баспа-таңбасы мен "777" саны жазылған, онда араб әліппесінің әріптерімен жазылған, бұл жайт героиннің Ауғанстан Ислам Республикасында жасалғанын көрсетеді", - деді Жапасбаев. Осы оқиғаға байланысты "Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу, оларды аса ірі мөлшерде өткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Шу аудандық ішкі істер бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети