Жамбыл облысында ауылдың экс-әкімі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ауылдың экс-әкімі сотталды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысындағы ауыл әкімі 10 миллион теңгеден аса ақша жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы ауыл әкімі 10 миллион теңгеден аса ақша жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі "Сәулет 2012" ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісе отырып, Сарыкемер ауылының көшелерін жарықтандыруды жөндеуге арналған 10 миллионнан астам теңгені жымқырған. Бұл ретте, тараптар күмәнді мәліметтері бар нысанды қабылдау-тапсырудың жалған актілеріне қол қойды, бірақ іс жүзінде жұмыс орындалмады. Кінәлілер сотталды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері бюджет қаражатын жымқыру - елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін қоса айтты. Тәуекелдерге ең көп ұшырайтын бюджеттік қаражаттың ірі сомалары шоғырланған орын - мемлекеттік сатып алу саласы екенін де еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети