20 қаңтар 2015 | 10:52

Жамбыл облысында балаларды дәретханаға қамап кеткен тонаушылар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vesti.kz ©vesti.kz

Жамбыл облысының Көктал ауданында екі жігіт жеке үйлердің бірінен екі ноутбук пен бір планшетті ұрлау үшін сол үйдің балаларын дәретханаға қамап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының Көктал ауданында екі жігіт жеке үйлердің бірінен екі ноутбук пен бір планшетті ұрлау үшін сол үйдің балаларын дәретханаға қамап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, Байзақ аудандық ішкі істер бөліміне Көктал ауылының тұрғыны хабарласып, өз үйіне белгісіз біреулердің терезеден түсіп, кәмелетке толмаған балаларды дәретханаға қамап кеткенін және үйдегі екі ноутбук пен бір планшетті алып кеткенін айтқан. Нақты қанша баланың зардап шеккені нақтыланған жоқ. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында жәбірленушімен бір ауылда тұратын екі жігітті күдікті ретінде ұстады.

Олар жасаған қылмыстарын мойындады. Қарақшылар 280 мың теңгеге шығын келтірген. "Ұрланған заттар қожайынға қайтарылды. ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Жамбыл облысының полицейлері 12-18 қаңтар аралығында барлығы 169 қылмыстың бетін ашқан. Ұрлық жасаудың 51, пәтер тонаудың 9 дерегі ізі суымай ашылды. Іздеуде жүрген төрт қылмыскер ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети