Қырғызстанның тумасы Василий Евдошенко Тараздың "Новый регион" басылымына адам сенгісіз оқиғаны баяндап берді. Ер адам 19 жыл бойы Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің құлдығында болыпты.
Қырғызстанның тумасы Василий Евдошенко Тараздың "Новый регион" басылымына адам сенгісіз оқиғаны баяндап берді. Ер адам 19 жыл бойы Жамбыл облысында полиция қызметкерлерінің құлдығында болыпты.
Евдошенконың айтуынша, 1996 жылы ол колонияда алты жыл жазасын өтегеннен кейін құжатсыз, полицейлердің қолында қалыпты. Тәртіп сақшысы оған құжат алуға көмектесетінін айтқан. Ол қызметкерге сеніп, полицей мен оның отбасына бірнеше жыл бойы тегін жұмысшы болған.
Бұдан кейін Василий тауар секілді әр адамға ауысып отырыпты. Ол тағы бір полицейдің қолында қалып, тамаққа жұмыс істеуге мәжбүр болған. Ер адам "қожайындарынан" бірнеше мәрте қашып кетпекші де болған, алайда тәртіп сақшылары оны дереу тауып, "қожайындарына" қайтарып отырады. Евдошенко үш үйге қатарынан жұмыс істегенін хабарлады, ал олардың біреуінің әкесі бұрынғы прокурор екен.
Соңында ер адам қашып құтылады. Ол "Сотталғандарды қалпына келтіру орталығы" қоғамдық бірлестігіне барған. Ондағылар құжаттарды қайта жасату үшін газет редакциясына және ішкі істер органдарына хабарласуды айтқан.
Басылым мәліметінше, Василий полиция мен прокуратураға арыз жазды.