30 наурыз 2016 | 18:30

Жамбыл облысында жолға тасталған сәбидің жанұясы кәмелетке толмай туған қыздың жігітімен татуласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© hqwallpapers.ru © hqwallpapers.ru

Жамбыл облысында жолға тасталған сәбидің жанұясы кәмелетке толмай туған қыздың жігітімен татуласты, осыдан кейін оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл өтінішті 16 жастағы қыз да, оның ата-анасы да жасапты.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жолға тасталған сәбидің жанұясы кәмелетке толмай туған қыздың жігітімен татуласты, осыдан кейін оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл өтінішті 16 жастағы қыз да, оның ата-анасы да жасапты.

Айта кетейік, 17 жастағы Елдос Сайлаубекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді, бұл - кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу дерегі.  

"2016 жылдың 10 наурызында Талас аудандық ішкі істер бөліміне кәмелет жасына толмаған қыздың заңды өкілі тараптардың ымыраға келуіне байланысты қылмыстық істің тоқтату туралы арыз берген. Осындай арыз қыздың тарапынан да түскен. 2016 жылдың 14 наурызында Талас аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі тергеу қорытындысы бойынша, Сайлаубек Елдостың жасаған қылмысының категориясының орта деңгейлі екенін есепке ала отырып, қылмыстық істі тараптардың ымыраға келуіне байланысты, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 35-бабының 12-бөлігінің және Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық істі тоқтатты", - деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасының өкілдері. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Талас аудандық прокуратурасында.

Еске салайық, қайғылы оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтқан. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети